Cambridge YLE

Cambridge YLE: сіздің балаңыздың табысты болашағына үлкен қадам


Баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуы өте құнды. Егер, лингвистикалық орталықта болса болса, екі есе құнды. Тілдерді бала кезінен үйрену, мектепке, кейін университетке түсу кезіндегі артықшылық. Сондықтан, бұл мәселе туралы, балабақша таңдау кезінде ойланған жөн. 


Егер сіз балаңыздың ағылшын тілінде сөйлеп, болашақта оны көрсете алуын армандасаңыз, біздің балабақшада, тек сізге арналған, Cambridge University Press бағдарламасымен оқыту жүргізіледі. Балабақша бітірген соң, бала, халықаралық үлгідегі Cambridge YLE сертификатын алады.


Ағылшын тілінен кішкентай балаларға арналған Cambridge English Young Learners – бұл, қызықты түрде жасалған, ағылшын тілін оқуға қызығушылықты арттыратын емтихандар қатары.  Ойын түрінде (сурет салу, бояу, ауызша сөйлесу) қызық тапсырмалары бар үш емтихан күрделіліктің үш деңгейіне сәйкестендірілген: Starters, Movers, Flyers. Бұл емтихандар, халықаралық стандартқа сәйкес, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайды.


Емтихан тапсырған әр бала, оның жеке жетістіктерін және оның шетел тілдерін меңгерудегі мүмкіндіктерін көрсететін сертификат алады. Емтиханға дайындық баланың сабақ оқуға деген қызығушылығын арттырып, халықаралық тілдесім тілінде әрі қарай дамуының негізін құрайды.


Кембридждік емтихандар барлық тілде танылған, олар белгілі баланың ғана емес, жалпы оқу орнының жетістігінің көсеткіші болып табылады.


Емтиханға дайындыққа My Little Island және Fun for Staters оқыту бағдарламалары қолданылады.


My Little Island оқыту бағдарламасы CYLET емтиханының Starters деңгейіне жеткізетін, 3-5 жастағы балаларға арналған үш деңгейлі курс.


Курс негізінде келесі қағидалар бар:


  • Үш деңгейдің әрқайсысында, материалдар, балалардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктері негізінде жасалған.
  • Егер, оқу үдерісіне қарқынды еліктірілсе, бала, материалды жақсырақ ұғады.
  • Оқыту бағдарламасы, әр бала бұл бағдарламаны жақсы ұғуы үшін, ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және әртүрлі оқыту стильдерін негізге алады.
  • Оқудың жетістігі материалдың берілу мөлшеріне және оның бекітілуі мен қайталауына байланысты.


Оқыту бағдрламасының мақсаты балаларды ағылшын тілінде сөйлеуге төрт түрлі жолмен жолмен дайындау (prereading/reading, prewriting/writing, listening and speaking). Солай балалар суретке қарап, тарих тыңдап, сурет астындағы кішкентай мәтіндерді оқу деңгейіне жетеді. Немесе, жай сызбадан бастап, сөздердегі әріптерді жазуға жетеді. Тыңдау мен сөйлеу бұл жаста маңызды болғандықтан, оған әрқашан уақыт бөлініп, курстың соңына дейін күрделеніп отырады.


Курс TPR (total physical response) әдісімен құрылады. Ым мен қозғалыстың сөз қоры мен грмматикамен бірге жүруі оқыға деген мотивацияны ұстап, дамытады, материалды ұғуға көмектеседі, бұл өз күшіне сенім береді.


My Little Island балаларды ХХІ ғасырдың техникалық, жаһандық әлеміне дайындап, ағылшын тілін, ұқыптылықты үйретіп, сонымен қатар, дамытады.


YLE емтиханының артықшылықтары:


  •  Баланың психологиясын еске ала отырып, баланы тапсырмаға толықтай дағдыландыру;
  •  Халықаралық емтихан түрімен ерте танысу;
  •  Ұлыбритания Cambridge University сараптамасымен сертификат алу;



YLE сертификаты не береді:


  • Ағылшын тілі деңгейін дәлелдейтін, халықаралық дәрежедегі бірінші құжат;
  • Өз білімінің сапалы бағасы;
  • Балаға ағылшын тілін оқуға әрі қарай жалғастыруға мотивация;
  • Ата-аналарға балалардың оқу нәтижесін әлемдік деңгейдегі сараптама көмегімен тексеруге үлкен мүмкіндік.